«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 368/13 қаулысымен бекітілді) (2017.27.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 368/13 қаулысымен

бекітілді

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.25.02. № 71/2 Қаулысымен барлық мәтіні бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен ауыстырылды, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.27.04. № 109/3 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламент
і

 (2017.27.04. берілген өзгерістермен)



1. Жалпы ережелер

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.27.04. № 109/3 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асыралады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.27.04. № 109/3 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.